Түркістан облысында экс-келінін ұрған ер адамға үкім шықты
Түркістан облысында тойханада бұрынғы келінін соққыға жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Төле би аудандық сотында «Бұзақылық»бабы бойынша айыпталған азаматтың ісі қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың 31 тамызы күні шамамен 21:23-те ер адам «Зағамбар» мейрамханасында өткен тойда ән айтып тұрған экс-келінін ұрған. Келіншектің мойнында, білегінде және кеуде тұсында көгерген жарақаттар анықталды.
Сот-медициналық сараптама бұл жарақаттардың денсаулыққа зиян келтірмейтін, жеңіл деңгейдегі зақым екенін көрсетті.
Прокурор айыпталушыға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де осы талапты қолдап, 700 мың теңге материалдық және 10 миллион теңге моральдық шығын өндіруді талап етті.
Сот ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеу, 800 мың теңге моральдық шығын төлеу және 700 мың теңге өкілдік шығындарды өтеу жөнінде үкім шығарды.