Түркістанда қарт әкесін ұрған ер адам: Әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

10 қаңтар 2026 9:22 / Новости Казахстана

Сот отырысына қатысушыларға ер адамның әкесін сабаған сәттері көрсетілді. Видеодан айыпталушының жұбайын да көруге болады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Марқұмның денесіне жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қарт ер адамның мұрны мен қабырғалары сынған, сондай-ақ денесінің бірнеше бөлігінде жарақаттар бары анықталған. Қазір Жетісай аудандық сотында тергеу деректеріне сәйкес әкесін ұрып-соғып, азаптаған деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың ісін қарауды жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар, бұл мән-жай жазаны жеңілдететін фактор ретінде ескерілуі мүмкін. Сондай-ақ бүгін айыпталушының жұбайына қатысты “Ұрып-соғу” бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

“Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Садақбаев өз кінәсін толық мойындады”, – деп мәлімдеді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Серіктес жаңалықтары