“Уайымдама, сөйлесіп қойғанмын": Сотталушылардың әңгімесі видеодан естіліп қалды

22 мамыр 2025 12:52 / Новости Казахстана

Кеше, 21 мамырда өткен сотта бәрі түскі үзіліске кеткенде сотталушылардың дауысы тікелей эфирден естіліп қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Үзіліске дейін айыпталушы Дидар Қалиахмет жауап берген еді. Ол судья үзіліс жариялаған соң, қасындағылардан: "Көзімнен жас шығып кете жаздады, дұрыс сөйледім бе" деп сұрайды. Сол сәтте сотталушылардың бірі: “Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын” деп жауап береді.

Еске салайық, кешегі өткен сот отырысында басты күдікті Абзал Шынәсіл жауап берді. Ол бұған дейін Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұққанын мойындаған еді.

Ол Шерзатқа пышақ сұққанын мойындайтынын және айыпталушылармен өзара қылмысты нақты бір адам жасағаны туралы сөйлескенін жеткізді.

«Шерзатты мен мойныма ала салайын, ал Нұрқанаттың жамбасына пышақ тыққан Шыңғыс деп келіскен болатынбыз» - дейді ол сотта берген жауабында.

Талғардағы полиция басқармасында тергеушілер "бір адам мойнына алмаса, топ болып кетесіңдер деп айтты" дейді айыпталушы.

Серіктес жаңалықтары