Сотта Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді

Талдықорған қаласында Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жауап беріп жатқан басты күдікті Абзал Шынасылға адвокат Мейірман Шекеев сұрақ қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

«Шерзатқа сіз пышақтан бөлек, дене жарақаттарын келтірдіңіз бе? Алдыңғы сот отырыстарында Гүлбара Бишембиева: «Менің баламның бетінде де, саусақтарының арасында да дене жарақаттары болды» деген еді. Мына дене жарақатына қатысты не айта аласыз?», – деді Шерзаттың мәйіті бейнеленген суретті көрсетіп.

Абзал Шынасыл бұл сұраққа қысқа жауап қайырды.

«Білмеймін. Шерзатқа қолым тиген жоқ. Шерзатты мен ұрған жоқпын», – деп жауап берді Абзал Шынасыл.

Бірақ бұған дейін Абзал Шынасыл Шерзатқа пышақ сұққанын мойындаған еді.

Ол Шерзатқа пышақ сұққанын мойындайтынын және айыпталушылармен өзара қылмысты нақты бір адам жасағаны туралы сөйлескенін жеткізді.

«Шерзатты мен мойныма ала салайын, ал Нұрқанаттың жамбасына пышақ тыққан Шыңғыс деп келіскен болатынбыз» - дейді ол сотта берген жауабында.

Талғардағы полиция басқармасында тергеушілер "бір адам мойнына алмаса, топ болып кетесіңдер деп айтты" дейді айыпталушы.

 

Шерзат сот Полат Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар