Ұлытауда азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам туралы жаңа мәлімет шықты

10 сәуір 2026 13:30 / Новости Казахстана

Ұлытау облысында 33 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелін 20 рет пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұм әйелдің артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды Arbat.Media КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Жәйрем кентінде болған. Марқұмның жасы 42-де. Артында төрт баласы қалды. Өзінің дүкені бар әрі бірнеше пәтерін жалға береді екен. Күйеуімен ажырасқан ол өзінен тоғыз жас кіші жігітпен көңіл жарастырған. Марқұмның туыстары күйеу бала азаматтық некедегі әйеліне де, балаларға да қол жұмсай бастағанын айтып отыр. Жұмыс істемеген.

"Бірнеше рет полицияға ұстатып жіберсе де, шығып келіп кешірім сұраған. Соңғы жанжалдан соң, марқұм оны үйден біржола қуып жіберген. Бірақ араққа сылқия тойып келген жігіт әйелді өз дүкенінде қанжоса етіп пышақтап тастаған", - дейді телеарна тілшілері.

Серіктес жаңалықтары