Халықаралық айтыстың бас жүлдесі Дидар Қамиға бұйырды

6 қазан 2023 12:11 / Новости Казахстана

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық айтыста бас жүлдені Дидар Қами иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айтысқа Қазақстаннан 11, Қырғызстаннан 2, Моңғолиядан 1 ақын қатысты.

Айтысты Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады.

Екі күнге созылған бәйгенің екінші кезеңіне сегіз айтыскер шықты.

Бас жүлде – 1 млн теңге Қарағады облысынан қатысқан тәжірибелі ақын Дидар Қамиға берілді. Ал бірінші жүлдеге – 750 мың теңгеге Еркебұлан Қайназар (Астана) ие болды.

Өнербек Дәулекенов (Атырау облысы) екінші жүлденің 600 мың теңгесін иеленді.

Үшінші жүлде – 500 мың теңге екі айтыскерге берілді – Батыс Қазақстан облысының тумасы Талғат Мықи, ал екіншісі – қырғызстандық Эсенбек Кийизбаев.

Автор
Серіктес жаңалықтары