Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды
5 қараша 2023 23:23 / Новости Казахстана
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында болды.
«4 қараша күні сағат 15.10-да Январцев ауылы маңында Жайық өзені жағасынан 1967 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм тоңып өлген. Январцев ауылында тұрған ер адам биылғы 14 қыркүйекте жоғалып кеткен, жұмыс істемеген. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексерудің тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізуде» деп хабарлады ведомстводан.
17 тамыз 2026 18:10 / Новости Казахстана
Ұлдана Мырзуанның туыстары бұрынғы күйеубаласынан ақшаның қайда жұмсалғанын түсіндіруді сұрады
17 тамыз 2026 17:25 / Новости Казахстана
Күрес жаттықтырушысы әйелін ұл тумағаны үшін ұрып өлтірген
17 тамыз 2026 16:22 / Новости Казахстана
Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді
17 тамыз 2026 15:16 / Новости Казахстана
23 тамызда Астанада қоғамдық көлік тегін болады
17 тамыз 2026 14:18 / Новости Казахстана
Меркіде көз жұмған 19 жастағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты
17 тамыз 2026 13:05 / Новости Казахстана