Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

23 ақпан 2026 11:44 / Новости Казахстана

Жамбыл облысында кеше Т. Рысқұлов ауданында болған қатты желден кейін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қатты жел салдарынан Меркі ауданындағы нысандарға да зақым келген, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында екпіні 30 м/с-қа жететін қатты жел соғып, бірқатар нысанның шатыры бүлініп, бірнеше елдімекенде жарық сөніп, газ өшіп қалғанын жазған едік.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, облыс басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Т. Рысқұлов ауданына барып, қатты желден зақым келген нысандардың жай-күйін тексерген.

“Кейінгі мәліметтерге сәйкес 7 елдімекендегі 29 нысанның шатыры ұшқан. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 19 елдімекенде электр жарығы өшіп, 7 елдімекенде газ беру уақытша тоқтатылған.

Электр жарығы мен газды қалпына келтіру жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары