Жаңа оқу жылында 4,1 миллион бала мектепке барды
2 қыркүйек 2025 9:32 / Новости Казахстана
1 қыркүйекте ліміз бойынша 4,1 миллион бала мектепке барды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның 341 мыңнан астамы тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттаса, 232 мың оқушы 11-сыныпқа көшті.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, соңғы екі жылда еліміздегі үш ауысымды мектептер саны үш есеге қысқарған. Қазір 3 мыңдай мектеп бір ауысымда жұмыс істейді.
Өңірлерде 267 мың оқушыға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы басталғанда 83 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланған. Ал жыл соңына дейін 111 жалпы орта білім беретін мекеменің құрылысы аяқталмақ.
Биылғы оқу жылында білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізіледі. Атап айтқанда, ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады.
17 қыркүйек 2026 18:13 / Новости Казахстана
Мадина Рашидқызының анасына құдағиы немересін көрсетпеді
17 қыркүйек 2026 17:03 / Новости Казахстана
БҚО-да өрт сөндірушіні бала күнгі досы көлікпен қағып кетті
17 қыркүйек 2026 16:17 / Новости Казахстана
Camry түйені қағып, қарсы бағытқа шығып кетті: төрт адам көз жұмды
17 қыркүйек 2026 15:20 / Новости Казахстана
ШҚО-да әйелді өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды
17 қыркүйек 2026 13:18 / Новости Казахстана
Алматыда ер адам енесіне жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұсталды
17 қыркүйек 2026 11:15 / Новости Казахстана