Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма?
16 желтоқсан 2023 2:01 / Новости Казахстана
"Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма" деген сұраққа сауда министрі Арман Шаққалиев жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексінде өзгеріс байқалмады.
«Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды. Онда 19 позиция бар екенін еске сала кетейін. Жай ғана өзгеріс жоқ. Жаңа жылдық қоржынға қатысты дастарханның баға индексіне сай белгілі бір болжам бар. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Кейбір позицияда белгілі бір өзгеріс бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты», деді министр.
Осы тұста министр кей азық-түліктің қымбаттап кету себебін түсіндіріп берді.
«Қазір шамамен 10,3% жылдық инфляциямыз бар. Жаңа жылдық қоржын үшін ол шамамен 10-10,7% болады. Иә, өзгерістер бар. Бәріміз Жаңа жылда үлкен дастархан жайып, дүркіретіп тойлаймыз. Бұл - маусымдық кезең. Оның ішінде мереке қарсаңында бағаның өскені байқалады. Дегенмен оның индекстер шегінде белгілі бір мәні бар», деп түсіндірді сауда министрі.
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана
Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
5 қараша 2026 13:24 / Новости Казахстана