Зеленский Қазақстанда Путинмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
24 қыркүйек 2025 9:35 / Новости Казахстана
Ресеймен келіссөздер қай жерде өтуі мүмкін екені жөнінде сөз қозғаған Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерді Қазақстанда өткізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Украина басшысы Fox News арнасына көлемді сұхбат берді. Жүргізуші Зеленскийден оның Ресей президентімен кездесуі қаншалықты мүмкін екені туралы сұрағанда, Зеленский Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын отырғанын растады.
Бұл ретте ол кездесуді Мәскеуде өткізе алмайтынын, бірақ түрлі нұсқаларға дайын екенін атап өтті.
"Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз", - деді Зеленский.
10 қараша 2026 17:14 / Новости Казахстана
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы күрт бұзылады?
10 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана