Желтоқсаншылардың бір жолғы төлем сомасы көбейді
9 желтоқсан 2023 13:00 / Новости Казахстана
Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Қала әкімдігі биыл осы желтоқсан қатысушыларына берілетін біржолғы төлем көлемін көбейтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін «желтоқсаншыларға» Тәуелсіздік күні қарсаңында бір реттік 150 мың теңге төлем берілетін.
Биылдан бастап бұл сома 250 мың теңгеге ұлғайтылды.
Бастапқы жоспар бойынша бұл төлем көлемін келесі жылы арттыру жоспарланған.
Алайда әкімдік қаржысының үнемделуіне байланысты жоспар бір жылға ерте жүзеге асты.
Бұл туралы кезектен тыс сессияда мәслихат депутаттарының сауалына жауап берген әкімнің орынбасары Арман Қырықбаев айтты.
2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады деп жоспарланып отыр.
5 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Астанада жолды әдейі бөгеген төрт жүргізуші 5 тәулікке қамалды
5 қараша 2026 17:38 / Новости Казахстана
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған адам Грузиядан экстрадицияланды
5 қараша 2026 16:29 / Новости Казахстана
Каспийдегі 14 сарбаздың қазасы: сегіз әскери басшы қамауға алынды
5 қараша 2026 15:16 / Новости Казахстана
Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
5 қараша 2026 14:34 / Новости Казахстана
Шымкентте спортшыны ұрлап, ұрып өлтірген 6 адамға сот үкімі шықты
5 қараша 2026 13:24 / Новости Казахстана