ЖИ: Қазақстан Google және Amazon Web Services-пен ынтымақтастықты күшейтпек

12 желтоқсан 2023 14:19 / Новости Казахстана

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект саласында шетелдің ірі компаниялармен ынтымақтастық жоспарын ждариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алматыда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығы мен AWS (Amazon Web Services) еуропалық бөлімшесінің басшылығы кездесіп, ынтымақтастық және Outposts шешімі аясында келісім жасау ниеті айтылды. Министрлік Google және басқа да халықаралық компаниялармен ынтымақтастық туралы белсенді келіссөздерді жалғастырып жатыр», - дейді Цифрлық даму министрлігі.

Деректер трафигінің транзитіне қызмет көрсету бойынша еліміздегі сервистік саладағы қажет іс-шаралар және әлеуетін зерттеу іске асырылып жатыр.

Зерттеулердің нәтижелері деректерді өңдеу орталықтарының негізгі көрсеткіштерін, яғни есептеу қуатының бөлінген көлемдерін, байланыс арналары мен энергиямен жабдықтауға қойылатын талаптарды, қажет ететін қаржат пен адам ресурстарын және басқа да параметрлерді анықтауға жол ашады.

Өңірдегі елдердің және тұтастай алғанда халықаралық нарықтың сұранысын ескере отырып, зерттеу нәтижелері бойынша жобалар, соның ішінде деректерді өңдеу орталықтары негізінде жүзеге асырылатын жасанды интеллект жобалары айқындалады. Жалпы, озық технологиялардың бір бөлігі ретінде жасанды интеллектті енгізу экономика секторларының өнімділігін, шағын және орта бизнес үшін жаңа технологиялардың кеңінен таралуын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің одан әрі дамуында басқа да артықшылықты қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары