«Жоғары баға алуға көмектесемін»: Ақтауда студенттерді сан соқтырған адам сотталды
14 тамыз 2026 13:05 / Новости Казахстана
Ақтауда студенттердің сеніміне кіріп, ақша жымқырған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, істі болған азамат Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындары студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Алаяқ студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай қаражатын иемденген. Алайда уәде еткен міндеттемелерін орындамай, алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.
«2026 жылғы 24 маусымдағы Ақтау қалалық сотының үкімімен азамат Д. алаяқтық (Қылмыстық кодексінің 190-бабы) қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
12 қараша 2026 18:31 / Новости Казахстана
Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас есепшісі 34,8 млн теңгені жымқырған
12 қараша 2026 17:26 / Новости Казахстана
Астанада көшеде сегіз чемодан мен шашылған долларға ұқсас купюралар табылды.
12 қараша 2026 16:10 / Новости Казахстана
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды
12 қараша 2026 15:18 / Новости Казахстана
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
12 қараша 2026 14:17 / Новости Казахстана
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды
12 қараша 2026 13:32 / Новости Казахстана