Жолаушысын шатастырған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалды

16 қараша 2026 14:30 / Новости Казахстана

Бұл жағдай Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол вокзалының маңында болған. Такси жүргізушісі автотұрақта бейтаныс ер адамды өз жолаушысы деп ойлап, оның сөмкелерін көлігіне лақтырып салған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тіпті сол сәтті видеоға түсіріп алып, өз парақшасына жүктеген. Кадрдан оның ер адамға ұрысып сөйлегенін көруге болады. Ал жол бойында тұрған адам аң-таң. Бір кезде ол досын күтіп тұрғанын, ешқандай такси шақырмағанын айтады. Сосын такси жүргізушісі кешірім сұрап, көлігіне қайта отырады.

Полиция жүргізушінің жеке басын анықтаған. Ол 35 жастағы Кенбай Серікбаев есімді ақтөбелік. Полиция оны "ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін қамауға алды.

Серіктес жаңалықтары