Жүкті әйелін пышақтаған тұрғын 15 жылға сотталды

22 қазан 2024 14:56 / Новости Казахстана
Фото: pexels.com

Маңғыстауда жүкті әйелін пышақтаған тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлағандай, сотталушы К. әйелінің жүкті екенін біле тұра, өзінің қылмыстық іс-әрекетін тоқтатпаған. Ауыр дене жарақаттары салдарынан жерге құлаған жәбірленуші А.-ның дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан, ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп дене жарақатын салған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

 

«2 қазандағы сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары