Жұртты арзан жиһазбен алдаған студент қолға түсті
Түркістан облысында жиһаз жасаймын деп әлеуметтік желіде 4 жалған парақша ашып тұрғындарды алдаған студент жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
<ұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап, арызданды. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу Instagram әлеуметтік желісінде үй жиһазын жасап беретінін айтып ақша алған.
Cyberpol тобының тәжірибелі полиция қызметкерлері жұмылдырылып, Атырау қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталды. Студент әлеуметтік желіде 4 бірдей жалған парақша ашып тұрғындарды алдаған.
Ол 10 адамды алдап, 4 миллион теңге шығын келтірген.
ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті жігіттің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.