Алматыда бензин сатпай қойған жанармай желісі 542 млн айыпұл төледі
Прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен үстем жағдайын теріс пайдалану белгілерін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тексеру барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегені белгілі болды.
Бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсеке саласындағы уәкілетті орган кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік хаттама толтырды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен серіктестікке айыппұл салынды.
Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың бүкіл сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: