Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Акционерлік қоғамның Telegram арнасы таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін сағат 19:00-де Қостанай облысында күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жолды 10 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Сондай-ақ сағат 20:00-де Ұлытау облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жол 10 қараша күні сағат 09:00-да ашылады деп жоспарланып отыр.
Ал бүгін сағат 20:00-де Ақмола облысында мына автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
1. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 72-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
2. «Жезқазған-Петропавл» км 377-536, Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00-де жолдарды ашу жоспарланған.
Осыған дейін бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарладық.