Тікұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2024, 23:50

Тікұшақ апаты: Қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, — деп жариялады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.

Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды.

Екі науқасты күйік шалған. Олар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. 

тікұшақ апаты Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар