Болашақ мұғалім, дәрігер, агроном IT базалық білімін міндетті түрде меңгеруі керек

12 қазан 2023 11:05 / Новости Казахстана

Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Бұл туралы Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек. Мен жуырдағы Жолдауымда кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект бағытына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек деген міндет жүктедім», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтын толыққанды ғылыми-зерттеу институтына айналдыру тағы бір маңызды қадам болатындығына назар аудартты.

«Ол үздік мамандар мен сарапшылардың орталығына айналып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Институт құрамына IT индустриясының әлемдік және отандық көшбасшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы кіреді. Осы ретте Институт әзірлемелерін коммерцияландыру және кеңейту маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор
Серіктес жаңалықтары