Елімізде республикалық орфографиялық комиссия құрылады

11 шілде 2024 13:00 / Новости Казахстана

Тіл саясаты комитеті «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже «республикалық орфографиялық комиссия құру және оның қызметін қамтамасыз ету» тармақшасымен толықтырылады. Комитет ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің орфографиясын әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссия құру қажет екенін алға тарт ып отыр. Себебі, қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Бұл міндет ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген, - делінген негіздемеде, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Құжатқа сәйкес, жаңа комиссияның жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар тартылады.

Құжат 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары