Түркістан: Адам өлтірмек болды деген күдікпен ер адам ұсталды

24 қазан 2024 9:00 / Новости Казахстана
Фото: ІІМ

Жергілікті тұрғынға танысын өлтірмек болды деп айып тағылған болатын. Қазір күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіруге оқталған күдіктіні ұстаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ер адам бұл әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етуге жатпайды» - деп таратты ведомство. 

 

Серіктес жаңалықтары