Әлемде 2024 жылы контейнер тасымал нарығы 6% өсуі мүмкін

24 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: Azertag.az

2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік контейнер нарығының көлемі 6%-ға өсуі мүмкін. Мұндай болжамды A.P. Moller-Maersk A/S (APMM) трансұлттық компаниясы ұсынды. 2024 жылдың мамыр айында Maersk әлемдік контейнерлік тасымалдар нарығының өсімін 2,5-4,5% аралығында болады деп бағалаған еді. Тамыз айында компания өз болжамын жоғарылатып, 4-6% аралығына деп түзетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2024 жылға арналған әлемдік контейнерлік тасымалдар нарығының өсім болжамы қайта қаралды және шамамен 6% құрайды (бұрынғы көрсеткіш 4-6% еді)», - делінген APMM-нің осы аптада жарияланған хабарламасында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

ХВҚ есебіне сәйкес, жыл басында Қызыл теңіздегі дағдарысқа байланысты биылғы жылдың алғашқы екі айында Суэц каналы арқылы өтетін сауда көлемі жылдық көрсеткіште 50%-ға төмендеді, ал Қайырымды үміт мүйісі арқылы транзитпен өтетін сауда көлемі 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда шамамен 74%-ға өсті.

 

Серіктес жаңалықтары