Гараж бен шағын автобус жанып кетті

6 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше сағат 21.50-де өртенді дейді БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

«Н.Чесноков көшесі бойында гараж отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 70 шаршы метрді шарпыды. Гараждың ішінде шағын автобус болған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімдерінен 14 адам жіне 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.40-та оқшауланды. Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы, зерттеу-сынау өртке қарсы зертханасы мамандары болды», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары