Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

«Азаттық» радиосының қолданбалары ресейлік App Store-ден жойылады
19 қазан 2024 / Мир

«Азаттық» радиосының қолданбалары ресейлік App Store-ден жойылады

«Азаттық» радиосының қолданбалары ресейлік App Store-ден жойылады. Бұл туралы америкалық Apple компаниясы хабар тарату корпорациясына ескертті. Current Time телеарнасының тиісті қосымшасы "Роскомнадзор" талабы бойынша интернет-базардан алынып тасталғаны хабарланды. 

Fасе ID енгізе сала, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген
19 қазан 2024 / Новости Казахстана

Fасе ID енгізе сала, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген

Емханаларда жалған құжат толтырылмас үшін Fасе ID енгізгені сол-ақ еді, пациет саны бірден 20 пайызға кеміген. Пилот жобаны енгізген денсаулық сақтау министрлігі жүйедегі жалған есеп беруді тежейміз деген мақсатымыз біртіндеп орындалып жатыр деп сүйіншіледі. 

Өзбекстанда AI бойынша он ғылыми зертхана салынады
19 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстанда AI бойынша он ғылыми зертхана салынады

Өзбекстанда AI бойынша он ғылыми зертхана салынады. Жасанды интеллект технологияларын дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жасанды интеллектті (AI) дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясын бекітті. Бұл бағдарламаға сәйкес, алдағы онжылдықтың соңына қарай AI негізіндегі өнімдер мен қызметтердің көлемі 1,5 миллиард долларға жетуі керек.

Қазақстанда жанар-жағармайдың шекті бағасын қадағалау жойылмақ
19 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда жанар-жағармайдың шекті бағасын қадағалау жойылмақ

Елімізде жанар-жағармайдың шекті бағасын жою туралы норма пысықталды. Бұл туралы елордада еліміздің экономикасы тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Марат Омаров мәлім етті. Оның айтуынша, бұған Орталық Азия өңіріндегі отынға деген теңгерімсіздік және бағаның төмен болуына байланысты Қазақстаннан басқа елдерге жанармай ағыны себеп болды. 

8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген адам Шымкентте ұсталды
19 қазан 2024 / Новости Казахстана

8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген адам Шымкентте ұсталды

Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. 41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.

Қазақстанда қатерлі ісікті емдеуге арналған тағы екі препарат шығарылады
19 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда қатерлі ісікті емдеуге арналған тағы екі препарат шығарылады

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Ядролық физика институтымен бірлесіп, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін ядролық медицинаның жаңа технологияларын енгізуді бастады. 

Түркістан облысында тұрғындардың 160 миллион теңгесін алған алаяқ ұсталды
19 қазан 2024 / Новости Казахстана

Түркістан облысында тұрғындардың 160 миллион теңгесін алған алаяқ ұсталды

Полиция «Ақшаңды еселеп қайтарып беремін деп, тұрғындарға 160 миллион теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады. «Түркістан облысы Полиция департаментінің «Cyberpol» нысаналы соққы беру тобының қызметкерлері жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізіп, профилактиканы күшейтті. Соның нәтижесінде 410 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, 200-ге тарта дерекке түпкілікті шешім қабылданды», - делінген полиция хабарламасында. 

Байден мен Шольц Украинаны қолдауды тоқтатпауға уәде берді
19 қазан 2024 / Мир

Байден мен Шольц Украинаны қолдауды тоқтатпауға уәде берді

Байден мен Шольц Украинаны қолдауды тоқтатпауға уәде берді. «Бізді қиын қыс күтіп тұр, біз босаңсуға, шаршамауға тиіспіз», - деді АҚШ президенті Берлинде Германия канцлерімен келіссөздер алдындағы баспасөз мәслихатында.  Ол, сондай-ақ, Олаф Шольц пен Германия үкіметіне «Украина жеңіп, Путин жеңілгенін» қамтамасыз етудегі «қажымас» жұмысы үшін алғыс айтты.