8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген адам Шымкентте ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр/Шымкент ПД
vïdeodan alınğan kadr/Şımkent PD
Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2024, 11:00

8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген адам Шымкентте ұсталды

Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 8 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. 41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2024 жылдың 14-18 қазан аралығында «Заңсыз келуші - 2024» жедел профилактикалық іс шарасы барысында Шымкент қаласы аумағында Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету Ережелерін бұзған барлығы – 556 шетелдік пен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, Әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар Шымкент қаласы ПД-нің Қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттар жоқ – 135 адам орналастырылды. Шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзған – 408 азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілік қаралды.

«Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы талаптарын бұзған 114 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы талаптарын бұзған 34 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Көші-қон заңдылығын өрескел бұзған 61-шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылды. 44 шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзімдері қысқартылды», - делінген Шымкент Полиция департаменті хабарламасында.

халықаралық іздеу Шымкентте ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар