Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейтін заң талқыланды
17 қазан 2024 / Новости Казахстана

Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейтін заң талқыланды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң талқыланды. Заң коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке сектордан жалға алуы арқылы мұқтаж адамдарға тұрғын үй берудің негізгі бірнеше шараларын қарастырады. Жаңалықтардың бірі – бұрын сатып алу құқығынсыз берілген тұрғын үймен қоса, жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығы болып табылады. 

Bloomberg: Ресей рубльдің бір долларға 100-ге дейін төмендеуіне дайындалуда
16 қазан 2024 / Мир

Bloomberg: Ресей рубльдің бір долларға 100-ге дейін төмендеуіне дайындалуда

Ресей билігі рубльдің бір долларға 100-ге дейін төмендеуіне дайындалуда. Егер бұрын Ресей билігі рубльдің осы психологиялық маңызды сәтке дейін әлсіреуін болдырмау үшін араласса, енді олар рубльдің әлсіреуіне кедергі келдірмеуге тырысуда, деп жазады агенттік. Ресей басшылығы «рубльдің бір долларға 100 шамасында болуына рұқсат беруге дайын», - деп жазады Bloomberg жағдайды білетін екі дереккөзге сілтеме жасап. Оның үстіне Мәскеу 2025 жылы шығысты ұлғайту жоспары аясында рубльдің әлсіреуі тіпті мемлекеттік бюджетке де пайда әкеледі деп санайды. 

«Жаяу жүре алмаймын»: Қостанай әкімі тендер арқылы қымбат көлік сатып алған
16 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Жаяу жүре алмаймын»: Қостанай әкімі тендер арқылы қымбат көлік сатып алған

Жақында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев құны 23 миллион теңгелік су жаңа Kia Sorento автокөлігінің иесі атанды. Алайда әкім бұл көлікті тендер арқылы алған.  Облыс орталығының басшысы жергілікті БАҚ өкіліне жаңа көлік әкім аппаратына тиесілі екенін айтты. Әкімнің айтуынша, ол қалада жаяу жүре алмайды, сондықтан көлік алуға тура келді. «Иә, көлікті мен жүргіземін, басқа амал жоқ. Менің ойымша, біз өзіміз шығаратын автокөлікті сатып алғанымыз дұрыс шешім болды. Көлік әкім аппаратына тиесілі», деді Марат Жүндібаев. 

Купянск және Харьков маңы майданындағы ауылдарда эвакуация жарияланды
16 қазан 2024 / Мир

Купянск және Харьков маңы майданындағы ауылдарда эвакуация жарияланды

Купянск және Харьков маңындағы майдандағы ауылдарда эвакуация жарияланды. Купянск, Кондрашовка, Куриловка, Петропавловка және басқа елді мекендерден бейбіт тұрғындар эвакуациялануда, деп хабарлады жергілікті ОВА басшысы Олег Синегубов. Оның айтуынша, аймақтағы әскери жағдай ушығып барады және билік мұндай жағдайда «жылыту маусымын, электр қуатын беруді және гуманитарлық көмек көрсетуді» қамтамасыз ете алмайды. 

ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын
16 қазан 2024 / Мир

ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын

ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын, - деп мәлімдеді энергетика жөніндегі Еуропа комиссары. Желтоқсанда аяқталатын транзит келісімі ұзартылмаса, Еуропа Одағы Украина арқылы Еуропаға келетін ресейлік газды алмастыра алады, деді Кадри Симсон. 

«Бейіт биіктігі 70 см». Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді
16 қазан 2024 / Евразия

«Бейіт биіктігі 70 см». Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді

Бейіттің биіктігі 70 сантиметрден аспауы керек. Қырғызстанда жерлеу рәсімі ресми бекітілді. Ел президенті Садыр Жапаров "Жерлеу және жерлеу рәсімдері туралы" заңды іске асыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. 

Еуропа кеңесі: Ресей Украинадағы мәдени мұраны жойып жатыр
16 қазан 2024 / Мир

Еуропа кеңесі: Ресей Украинадағы мәдени мұраны жойып жатыр

Ресей Украинадағы мәдени мұраны жойып жатыр. Страсбургтегі Еуропа кеңесі Ресей соғысы кезінде Украинадағы мәдени мұралардың жойылуын халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу деп атады. Жергілікті және аймақтық билік органдарының конгресі Украинадағы мәдени мұраны жою туралы декларация қабылдады, деп хабарлады Кеңес.