Placeholder ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын
Фото: Jean-Francois Badias/AP Photo/picture alliance
picture alliance
Әлем16 қазан 2024, 15:34

ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын

ЕО ресейлік газға мұқтаж емес және Украина арқылы транзитті тоқтатуға дайын, - деп мәлімдеді энергетика жөніндегі Еуропа комиссары. Желтоқсанда аяқталатын транзит келісімі ұзартылмаса, Еуропа Одағы Украина арқылы Еуропаға келетін ресейлік газды алмастыра алады, деді Кадри Симсон, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мен министрлерге Ресей мен (Украина) «Нафтогаз» арасындағы келісімшартты бұзуға дайын екенімізді тағы да растадым. Бізде әлі де келіп жатқан 14 миллиард текше метр ресейлік газды ауыстыру мүмкіндіктері бар», - деді Симсон.

Оның айтуынша, Еуропалық Одақ Ресей Федерациясынан газсыз «өмір сүре алады» және кейбір елдердің мұндай газ жеткізуді жалғастыруы қажеттілік емес, саяси шешім, әрі қауіпті.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің «Нафтогаз» мен «Газпром» арасындағы келісімшартты ұзартпайтынын, сондықтан Ресей газының Еуропаға транзиті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылуы керек деп мәлімдеген.

Украинамен соғысқа қарамастан, Ресей әлі де өз аумағы арқылы Австрия, Словакия, Венгрия және Чехия сияқты ЕО елдеріне газ жеткізеді.

 

Кадри Симсон ресейлік газ мұқтаж емес транзит

Тақырыпқа жаңалықтар