Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Зеленский: УҚК Курск облысында «белгілі бір шепті» ұстап отыр
13 қазан 2024 / Мир

Зеленский: УҚК Курск облысында «белгілі бір шепті» ұстап отыр

Зеленский Украина қарулы күштері Курск облысында «белгілі бір шептерді» ұстап отыр деді. Ресей күштері Курск облысында шабуыл операциясын жүргізді, бірақ украин жағы шабуылдарды тойтарып үлгерді, деп хабарлады Украина президенті кешкі видео үндеуінде. 

Алматыда заңсыз салынған ірі қойма бұзылып жатыр
13 қазан 2024 / Новости Казахстана

Алматыда заңсыз салынған ірі қойма бұзылып жатыр

Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды. Өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Самғау шағын ауданындағы Көкорай көшесі, 28/2 мекенжайында орналасқан 2 000 шаршы метрден астам заңсыз қойма ғимараттары толық сүріледі. Бұған дейін басқарма тарапынан «Рифтам» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нысанның басым бөлігіне рұқсат құжаттарының жоқ екені анықталған. 

300 қатысушы және 17 мамандық: «Үздік маман» байқауы
13 қазан 2024 / Новости Казахстана

300 қатысушы және 17 мамандық: «Үздік маман» байқауы

Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында өткізілген жыл сайынғы «Үздік маман — 2024» байқауы өз мәресіне жетті. Мұнай-газ кешені саласындағы 17 мамандық бойынша 300 қатысушы өз шеберліктерін сынады. Биыл байқауға алғаш рет Румыниядан келген KMG International қызметкерлері қатысты. Ақтық кезең жарысының қатысушылары — бұл өз ұжымдары арасында іріктеуден өткен жеңімпаздар. 

Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі мәресіне жетті
13 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі мәресіне жетті

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан Бүркіт төбе алаңында дәстүрлі халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтті. Екі күнге созылған фестивальде әлемнің бірнеше елінен келген құсбегілер сайысқа түсті. Атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Мажарстаннан қатысушылар шақырылған. ШҚО туризм және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазақ халқының бай мәдени мұрасын жандандырып, ұлттық спорт пен құндылықтарды дәріптеу арқылы саламатты өмір салтын насихаттау,. 

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді
13 қазан 2024 / Sport

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтетіні белгілі болды. UFC Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі туралы хабарлады. Былғары қолғап шебері Шавкат Рахмонов 310-шы нөмірлі турнирге 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Оның қарсыласы орта салмақтағы америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3). 

Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті
13 қазан 2024 / Новости Казахстана

Биыл елімізде 3,8 млн бала профилактикалық тексеруден өтті

Қазақстанда қаңтар мен қыркүйек аралығындағы кезеңде 18 жасқа дейінгі 3,8 млн.бала профилактикалық тексеруден өтті. Туған сәттен бастап 6 жасқа дейін скринингтің 4 түрі жүргізіледі, бұл жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия мен туа біткен гипотериозды анықтауға бағытталған неонаталдық, есту қабілетінің бұзылуын анықтауға арналған аудиологиялық, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын анықтауға арналған офтальмологиялық және психофизикалық скрининг. 

Түркия ресейлік болат сатып алуды шектейді
13 қазан 2024 / Мир

Түркия ресейлік болат сатып алуды шектейді

Түркия ресейлік болат сатып алуды шектейді. Түркия Ресейден келетін болат өнімдеріне баж салығын енгізді. Бұдан былай ресейлік болат өндірушіге байланысты 6-дан 9 пайызға дейін қосымша салық салынады, делінген Түркия үкіметі шешімінде. Бұл шаралар 5 жыл мерзімге енгізілді және жергілікті болат өндірісіне зиян келтіретін шетелдік жеткізушілер тарапынан «әділетсіз бәсекеге» және демпингке қатысты», - деп түсіндірді Түркия Министрлер кабинеті

Венесуэланың Жоғарғы соты президенттік сайлаудың өтуіне қарсы шағымды қараудан бас тартты
13 қазан 2024 / Мир

Венесуэланың Жоғарғы соты президенттік сайлаудың өтуіне қарсы шағымды қараудан бас тартты

Венесуэланың Жоғарғы соты президенттік сайлаудың өтуіне қарсы шағымды қараудан бас тартты. Жоғарғы сот алқасы ел билеушісі Николас Мад уроның қайта сайлануын заңды деп таныды. Сот оппозицияның шілдеде өткен президент сайлауындағы заң бұзушылықтар туралы шағымын «қабылданбайтын» деп бағалаған. Оппозиция Венесуэладағы сайлаудың өткізілуіне қарсы оның нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден шағым түсірді, бірақ Ұлттық сайлау кеңесі ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.

Байден Иранды Трампқа қастандық жасаудан сақтандырады
13 қазан 2024 / Мир

Байден Иранды Трампқа қастандық жасаудан сақтандырады

Байден Иранды Трампқа қастандық жасаудан сақтандырады. Вашингтон Теһранның АҚШ-тың бұрынғы президенті және осы лауазымға үміткер Дональд Трамптың өміріне жасалған кез келген әрекетін соғыс әрекеті ретінде қарастырады. Джо Байден Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне Иран үкіметіне бұл туралы ескертуді тапсырды, деп жазады The Washington Post.