Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Атасынан қалған қаруды тіркетпеген атыраулыққа айыппұл салынды
9 қазан 2024 / Новости Казахстана

Атасынан қалған қаруды тіркетпеген атыраулыққа айыппұл салынды

Атырау облысының тұрғыны атасынан қалған қос ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтаған. Сол үшін оған 73 мың 840 теңге айыппұл салынды. Қызылқоға аудандық сотының мәліметінше, құқық бұзушы С. шаруа қожалығында 16 калибрлі, «Б» маркалы, қос ұңғылы аңшы қаруын заңсыз сақтап келген. Бұл қару ішкі істер органдарында тіркелмеген. 

Талдықорғанда Әбілхан Қастеевке ескерткіш қойылды
9 қазан 2024 / Новости Казахстана

Талдықорғанда Әбілхан Қастеевке ескерткіш қойылды

Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды. Суретшінің 120 жылдығына орай қойылған қола мүсін Көркемөнер галереясының ауласына қойылды. Мерейтой шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстанның Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов пен көрнекті қылқалам шеберінің қызы Гүлдария Қастеева және өзге де зиялы қауым өкілдері мен облыс жұртшылығы қатысты. 

Антикор Қазақстанның Олимпиадада төмен нәтиже көрсету себебін анықтады
8 қазан 2024 / Новости Казахстана

Антикор Қазақстанның Олимпиадада төмен нәтиже көрсету себебін анықтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесін жариялады. Талдау қорытындысында елдегі спорттың дамуы мен әлемдік деңгейдегі спорт сайыстарында жоғары нәтижеге жету жолында кедергі келтіретін жүйелі жемқорлық тәуекелдері бар екені белгілі болды. Елімізде кейінгі 6 жылда спорт саласын қаржыландыруға шамамен 1,4 триллион теңге бөлінген. 2018 ж. – 165 млрд теңге, 2019 ж. – 204 млрд теңге, 2020 ж. – 177 млрд теңге, 2021 ж. – 223 млрд теңге, 2022 ж. – 296 млрд теңге, 2023 ж. – 340 млрд теңге. Осы және алдағы екі жылда тағы 1,3 триллион теңге бөлу жоспарланған. 

Америкалық биологтар медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды
8 қазан 2024 / Мир

Америкалық биологтар медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды

Америкалық биологтар Виктор Амброс мен Гэрри Равкан медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды. Сыйлық ғалымдарға «микроРНҚ-ны ашқаны және оның ген экспрессиясын транскрипциядан кейінгі реттеудегі рөлі үшін» берілді, деп хабарлайды Нобель комитетінің сайты. 

Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты
8 қазан 2024 / Новости Казахстана

Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми қызметкері, PhD докторы Бақыт Смайлов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жас ғалымның «Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын жасап шығару жобасы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған конкурсында жоғары бағаланып, грант ұтып алды. Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өңір шаруаларының қызығушылығын тудырған. 

Боррель: Батыстың көмегі болмаса, Украина 15 күнде жеңіліп қалар еді
8 қазан 2024 / Мир

Боррель: Батыстың көмегі болмаса, Украина 15 күнде жеңіліп қалар еді

Боррельдің айтуынша, Батыстың көмегі болмаса, Украина соғыста 15 күнде жеңіліп қалар еді. "Бірақ біз мұны украиндықтар үшін, өз қауіпсіздігіміз үшін, еуропалықтардың қауіпсіздігі үшін қалаймыз ба?» деп сұрайды ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель. 

Түрікменстан президентінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды
8 қазан 2024 / Евразия

Түрікменстан президентінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды

Түрікменстан президентінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды. Сердар Бердімұхамедов ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына аттанды. 

Израильге жасалған шабуылдың жылдығы: әр елде лаңкестікті айыптайды
8 қазан 2024 / Мир

Израильге жасалған шабуылдың жылдығы: әр елде лаңкестікті айыптайды

Израильге жасалған шабуылдың жылдығы: әр елде лаңкестікті айыптайды. ХАМАС лаңкестік тобының Израильге жасаған шабуылынан тура бір жыл өткен соң, әлемнің әр түкпіріндегі саясаткерлер шабуыл құрбандарын еске алып, Таяу Шығыстағы қақтығысты шешудің әр жолын ұсынып жатыр. 

Өзбекстанның 15 аудан-қаласын дамытуға 1,5 триллион сум жұмсалады
8 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстанның 15 аудан-қаласын дамытуға 1,5 триллион сум жұмсалады

Өзбекстанның 15 аудан-қаласын дамытуға 1,5 триллион сум жұмсалады. Дүниежүзілік банк өкілдерімен ресми келіссөздер аясында республикалық билік өңірді жаңғырту мүмкіндіктерін талқылады. Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігінде Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуде республика өңірлерін кешенді дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Бұл талқылауға министр орынбасарлары Абдулазиз Хайдаров пен Самандар Садуллаев, сондай-ақ министрліктің бірқатар негізгі мамандары қатысты.