Placeholder Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз бөлімі
Ğılım jäne joğarı bilim mïnïstrligi baspasöz bölimi
Қазақстан жаңалықтары8 қазан 2024, 17:00

Жас ғалым топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ойлап тапты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми қызметкері, PhD докторы Бақыт Смайлов өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы саласында топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш алу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жас ғалымның «Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін гуматқұрамдас тыңайтқыштарды алудың технологиясын жасап шығару жобасы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған конкурсында жоғары бағаланып, грант ұтып алды. Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өңір шаруаларының қызығушылығын тудырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Елімізде ауыл шарушылығы саласында топырақтың құнарлылығын арттыру өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан мен өз жобамда жинақталған қалдықтардың құрамындағы заттарды бөліп алып, қажеттілікке жаратуды қолға алдым. Ол үшін Түркістан облысының Төле би ауданындағы Ленгер көмір кен орнының қалдықтары зерттеліп, гуминқұрамдас қомпоненттердің нәтижесінде гуминқышқылдар алынды. Бұл органикалық қосылыстар органаминералды тыңайтқыштар үшін таптырмас шикізат көзі. Қазір зерттеу жұмыстары оң нәтиже беріп, ол өндіріске енгізілді. Оңтүстік өңірдің шаруаларымен бірлесіп, тыңайтқыш сынақ ретінде қолданылды. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы жақсарып, өнімділік артты», деп атап өтті Бақыт Мәткерімұлы.

Қазіргі таңда жоба патенттеліп, авторлық құқық алынды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқышты өндіріске шығару жоспарланып отыр.

жас ғалым Бақыт Смайлов тыңайтқыш Оңтүстік Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар