Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Робототехника: Қазақстан оқушылары үш дүркін әлем чемпионы атанды
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Робототехника: Қазақстан оқушылары үш дүркін әлем чемпионы атанды

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше оқушыларымыз бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді. 

Тәжікстан Рогун ГЭС құрылысына Дүниежүзілік банктен 650 миллион доллар алады
1 қазан 2024 / Евразия

Тәжікстан Рогун ГЭС құрылысына Дүниежүзілік банктен 650 миллион доллар алады

Тәжікстан Рогун су электр стансасының құрылысын аяқтау үшін Дүниежүзілік банктен 650 миллион доллар алады. Тәжікстан Президенті атап өткендей, Азия даму банкімен де гранттық қаражат тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Тәжікстан үкіметі Дүниежүзілік банкпен (ДБ) 650 миллион доллар грант алу бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын. Бұл қаражат Рогун су электр стансасының (СЭС) құрылысын аяқтауға жұмсалады. Бұл туралы республика президенті Эмомали Рахмон құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. 

Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет платформалар арқылы қызмет ұсынатын жандардың салық төлеу ережелерін түсіндірді. Толығырақ аталған комитеттің арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтып берді. «Елімізде бірқатар азамат қызметін интернет платформалардың көмегімен жүзеге асырады. Ол дегеніміз такси жүргізушілері, курьер, пәтерді жалға берумен айналысу тағы сол сияқты қызмет түрлері. Аталған қызметтерді ұсынушылардың салық төлеу және оларды әлеуметтік тұрғыдан қамту, қорғау тұрғысынан мәселелер туындап отыр. Осы орайда өткен жылы Әлеуметтік кодексте аталған мәселелер бойынша анықтама беріліп, нақтыланды. Біздің комитет бұл жобаны такси платформасымен келісім жасап, пилоттық жоба түрінде іске қосты. Бүгінде 23 мың жеке кәсіпкерден (такси жүргізушілері) 700 млн теңгеге жуық теңге салық түсті. Пилоттық жоба аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде және салық мөлшерлемесі (1%) бойынша жеңілдік қарастырылған. Одан бөлек такси жүргізушілері таксопаркке төлейтін қосымша комиссиядан босатылуы мүмкін», - деді Ерқанат Шымберген. 

«Алатау жастары» бағдарламасы қашан басталады
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Алатау жастары» бағдарламасы қашан басталады

Алматы облысында жастарға арналған «Алатау жастары» бағдарламасы басталады. Жоба 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) облыстың жас тұрғындарына жеке баспана сатып алу үшін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Анар Естияр айтты. 

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде 5 алтын алды
1 қазан 2024 / Sport

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде 5 алтын алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Батумиде (Грузия) өткен WTT Youth Contender 2024 турнирінде 5 алтын медаль жеңіп алды. WTT ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова 19 жасқа дейінгілер арасында топ жарса, Жанерке Кошкумбаева күміспен күптелді. Ал, Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова аралас жұптық сында Беларусь өкілдерін 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Сондай-ақ Арнур Оралханов ерлер арасында жекелей сында үшінші орынан көрінді. 

Қыздар неліктен АПВ-ға қарсы вакцина алады
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қыздар неліктен АПВ-ға қарсы вакцина алады

Қыркүйек айының ортасында Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды. Елімізде осы қауіпті инфекцияның таралу статистикасы қандай. 

Сотқа қылмыстық іс орысша түссе де мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік берілді
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Сотқа қылмыстық іс орысша түссе де мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік берілді

Астана қалалық соты қылмыстық іс жүргізу барысында тергеу органдарынан орыс тілінде түссе де, сотталушының қалауына қарай мемлекеттік тілде қаралуына мүмкіндік берді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі арттыру мақсатында Астана қалалық сотының судьялары Э.Оңғарсынова және Г.Даулешованың жетекшілігімен Астана қаласындағы аудандық полиция басқармасы басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Шарада талқыланып отырған мәселенің маңыздылығы аталып өтілді. 

Жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып құлатты. Полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 30 қыркүйекте болған.