Placeholder
Фото: Canva
Canva
Әлем1 қазан 2024, 13:00

Қытай Еуроодақтың төрт еліне визасыз режим енгізеді

Қытай билігі Еуропалық Одаққа мүше төрт елге визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының ресми аккаунтында айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Қытай алмасуды одан әрі дамыту мақсатында визасыз елдердің ауқымын кеңейту және Португалия, Грекия, Кипр және Словениядан келген қарапайым төлқұжат иелері үшін визасыз саясат енгізу туралы шешім қабылдады, оларға визасыз кіруге рұқсат беріледі. Қытай 2024 жылдың 15 қазанынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін 15 күннен аспайтын мерзімге іскерлік, саяхаттау, туыстарына бару және ел аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асырады, - делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Қытай 12 елдің азаматтары үшін Қытайға қысқа мерзімге келу үшін визасыз режимді 2025 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.

визасыз режим Еуроодақ Қытай

Тақырыпқа жаңалықтар