Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
28 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Үркер – 2024» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Дәстүрлі «Үркер» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскен. БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. 

Алматыда атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда атыс дауыстары естілді: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Алматыда көлік ішінен атыс дауысы естілді. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оқиғаның 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінің бойында болғаны айтылған. Алматы қаласы Полиция департаменті атысқа қатыса бар күдіктілер ұсталғанын хабарлады. 

Google пайдаланушыларға жаңа аккаунт ашуды шектеді
27 қыркүйек 2024 / Мир

Google пайдаланушыларға жаңа аккаунт ашуды шектеді

Google пайдаланушыларға жаңа аккаунт ашуды шектеді, дейді Ресей Федерациясының Цифрлық даму министрлігі. Министрлік ұялы байланыс операторларына сілтеме жасап, «компанияның ресейлік пайдаланушыларға жіберетін SMS-хабарлама саны айтарлықтай қысқарғанын» жариялады. 

Жоғарғы сот мектепте орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жоғарғы сот мектепте орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат тарап жүр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныған, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. 

Еуропада қасқырды ату оңайырақ болады
27 қыркүйек 2024 / Мир

Еуропада қасқырды ату оңайырақ болады

Еуропада қасқырды ату оңайырақ болады. Еуроодақ елшілерінің отырысында Германия қасқырларды қорғау мәртебесін төмендету туралы ұсынысты қолдады. Шешім Еуроодақ елдерінің көп дауысына ие болды, деп таратты Politico. Ұлттық билік органдарына малға қауіп төндіретін жануарларды жою туралы бұйрық шығаруда икемділік беру үшін қасқырдың мәртебесі «қатаң қорғалған» күйден жай «қорғалған» күйге өзгертіледі. 

Тәжікстан мен Кувейт тау-кен өндіру саласында байланыс орнатпақ
27 қыркүйек 2024 / Евразия

Тәжікстан мен Кувейт тау-кен өндіру саласында байланыс орнатпақ

Тәжікстан мен Кувейт тау-кен өндіру саласында байланыс орнатпақ. Мемлекеттер басшылары әртүрлі бағыттағы әріптестікті кеңейту және нығайту перспективаларын талқылады.Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Кувейт тақ мұрагері шейх Сабах әл-Халид әл-Хамад әл-Мубарак әл-Сабах ресми келіссөздер жүргізді. 

Байден: Президенттік мерзімінің соңына дейін Украина қаржысы толық жіберіледі
27 қыркүйек 2024 / Мир

Байден: Президенттік мерзімінің соңына дейін Украина қаржысы толық жіберіледі

Байден Киевке президенттік мерзімінің соңына дейін бөлінген қаржының барлығы Украинаға жіберілетінін мәлімдеді. Ақ үй сайтындағы ресми мәлімдемеге сәйкес, Пентагон Киевке 2,4 миллиард доллардың қару-жарағын өткізеді. Оның ішінде қосымша әуе қорғанысы жүйелері, ұшқышсыз ұшақтар және әуе-жер қарулары бар. Атап айтқанда, «Украинаның ұзақ қашықтықтағы соққы беру қабілетін арттыру үшін» оған JSOW әуе бомбалары беріледі», - делінген Ақ үй мәлімдемесінде. 

Израиль Ливан мен Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты
27 қыркүйек 2024 / Мир

Израиль Ливан мен Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты

Израиль Ливан мен Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты. Израиль премьер-министрінің кеңсесі Биньямин Нетаньяху кеше АҚШ, ЕО елдері, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Австралия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катардың бітімге келу туралы үндеуіне қарамастан, Израиль армиясына «толық күшпен» соғысуды бұйырғанын айтты.