Израиль Ливан мен Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты
Израиль Ливан мен Газа секторында атысты тоқтатудан бас тартты. Израиль премьер-министрінің кеңсесі Биньямин Нетаньяху кеше АҚШ, ЕО елдері, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Австралия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Катардың бітімге келу туралы үндеуіне қарамастан, Израиль армиясына «толық күшпен» соғысуды бұйырғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кац «солтүстікте атысты тоқтату болмайтынын» растады.
Бұған дейін Израиль мен "Хезболла" арасында үш апталық бітімге келу, сондай-ақ Газа секторындағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы бастама жарияланған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: