Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ұлыбританияны су басты
25 қыркүйек 2024 / Мир

Ұлыбританияны су басты

Англияның кейбір аймақтарында бір айлық жауын-шашынның мөлшері небәрі 24 сағатта жауып, кең көлемді су тасқынына алып келді. Әсіресе, елдің орталық және оңтүстік аймақтары қатты зардап шегіп отыр. Оксфорд, Рединг және Бат қалаларындағы нөсер жаңбырдың деңгейі 120 миллиметрге дейін жеткен. Өзендер арнасынан шығып, метеорологиялық қызмет төтенше жағдай жариялады. Мектептер жабылып, халық үйлерінен көшіп жатыр. Көлік қозғалысы да тоқтады. 

«Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті
25 қыркүйек 2024 / Sport

«Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Ресейлік Евгений Королев «Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Ал канадалық маман Дэвид Немировски қызметінен шеттетілді. Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымының басында елордалық клуб нашар нәтиже көрсетті. Осыған байланысты «Барыстың» бас бапкері міндетін атқарушы болып Евгений Королев тағайындалды. 

Алматыда туристерге тау маршрутының картасы әзірленді
25 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда туристерге тау маршрутының картасы әзірленді

Алматыда туристер мен қала тұрғындарының таудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тау маршруттарының картасы пайда болды. «Тау маршруттарының атласында аймақтағы бес танымал маршрут туралы ақпарат жинақталған. Атласта тек маршруттардың сипаттамасы ғана емес, сонымен қатар жорыққа дайындық бойынша ұсыныстар, қажетті құрал-жабдықтардың болуы, жергілікті жерлерде бағдар алу бойынша кеңестер және қауіпсіздік ережелері берілген. Бұл атлас тау демалысын ұнататындар үшін таптырмас серік болмақ»,- деп хабарлады қалалық Туризм басқармасынан. 

Ұлыбритания мейрамханасында тағамның ішінен інжу шықты
25 қыркүйек 2024 / Мир

Ұлыбритания мейрамханасында тағамның ішінен інжу шықты

Британдық азамат мейрамханада тапсырыс берген мидиядан (маллюсканың бір түрі) інжу тауып алып, оны сүйіктісіне сыйлады. Ер адам мейрамханада өзімен бірге келген әйелдің туған күнін тойламақ болған. Ол теңіз өнімдеріне тапсырыс бергендердің бірін жеп жатқанда аузында қатты бірдеңені байқаған, ол кішкентай інжу болып шығып, оны өзімен бірге келген серігіне сыйлаған

Ирак Израиль шабуылдарынан қашқан ливандықтарға тегін виза береді
25 қыркүйек 2024 / Мир

Ирак Израиль шабуылдарынан қашқан ливандықтарға тегін виза береді

Ирак премьер-министрі және Қарулы күштердің бас қолбасшысы Мұхаммед әл-Судани Ливандағы қиын жағдайға байланысты елге келген ливандықтарға тегін кіру визасын беруді бұйырды. Ливанда жалғасып жатқан соғысқа байланысты Ливан азаматтарының Иракта болатын отыз күндік виза мерзімін ұзарту керек. Елде болу мерзіміне байланысты заңды бұзған Ливан азаматтары жазадан босатылуы керек. Виза мерзімі аяқталғаннан кейін Иракпен шекаралас пункттерге келген Ливан азаматтарына тегін кіру визаларын беруді жалғастырсын, – делінген Премьер-Министрдің бұйрығында. 

Қырғызстанда Асқар Ақаевтың уақытша депкомиссия құру туралы өтінішінен бас тарту ұсынылды
25 қыркүйек 2024 / Евразия

Қырғызстанда Асқар Ақаевтың уақытша депкомиссия құру туралы өтінішінен бас тарту ұсынылды

Жогорку Кенештің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитеті бұрынғы президент Асқар Ақаевтың уақытша депутаттық комиссия құру және экс-президент мәртебесін қалпына келтіру туралы мәлімдемесін қарады. Комитет төрағасы Чолпон Сұлтанбекова бұл өтініштің Жогорку Кенешке 3 қыркүйекте түскенін еске салды. Талқылауда  депутат Гуля Қожоқұлова бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін уақытша депутаттық комиссия құру қажеттігін атап өтті. 

БҰҰ ауғандық әйелдерге қатысты барлық шектеуді алып тастауды талап етті
25 қыркүйек 2024 / Мир

БҰҰ ауғандық әйелдерге қатысты барлық шектеуді алып тастауды талап етті

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло Ауғанстан билігінен елдің әйелдер халқына қатысты барлық кемсітушілік шектеуін дереу алып тастауды талап етті. Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Ауғанстан бойынша жоғары деңгейлі шарада сөйлеген сөзінде ДиКарло бұл штаттағы әйелдердің жағдайын салыстыруға келмейтінін айтты. Өйткені «әлемнің ешбір жерінде тәліптер әйелдерге тыйым салған мұндай шектеулер жоқ». Ол БҰҰ Ауғанстанмен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін Доха деп аталатын процеске жетекшілік ететінін еске салды. 

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды
25 қыркүйек 2024 / Sport

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. 

Студенттердің жаппай төбелесі - ҚазҰУ мәлімдеме жасады
25 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Студенттердің жаппай төбелесі - ҚазҰУ мәлімдеме жасады

Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды. Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жақын маңда болған. Университет жаппай төбелеске тек студенттер ғана емес, өзге де жастар қатысқанын мәлімдеді.