Placeholder
Фото: The Quayside
The Quayside
Әлем25 қыркүйек 2024, 11:00

Ұлыбритания мейрамханасында тағамның ішінен інжу шықты

Британдық азамат мейрамханада тапсырыс берген мидиядан (маллюсканың бір түрі) інжу тауып алып, оны сүйіктісіне сыйлады. Ер адам мейрамханада өзімен бірге келген әйелдің туған күнін тойламақ болған. Ол теңіз өнімдеріне тапсырыс бергендердің бірін жеп жатқанда аузында қатты бірдеңені байқаған, ол кішкентай інжу болып шығып, оны өзімен бірге келген серігіне сыйлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ВВС хабарлады.

— Мен мидия және сол сияқты теңіз өнімдерін көп жегенмін, бұған дейін мұндай жағдай болған емес. Мен мұның қаншалықты сирек екенін google-дан іздедім, менің ойымша, бұл 10 000 жағдайда бір кездеседі, — деді ол.

Інжу табылған мейрамхана апта сайын 25 келі мидия сатады екен, бірақ бірінші рет інжу шыққан.

Ұлыбритания інжу Мейрамхана

Тақырыпқа жаңалықтар