Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

БАҚ: Telegram француз билігімен ынтымақтаса бастады
21 қыркүйек 2024 / Мир

БАҚ: Telegram француз билігімен ынтымақтаса бастады

Дуров қамауға алынғаннан кейін Telegram француз билігімен ынтымақтаса бастады. Француздық Liberation басылымының хабарлауынша, сот Павел Дуровқа Франциядан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылдағаннан кейін оның Telegram желісі құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, Ұлттық полиция және жандармерияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі департаментімен. 

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды,. 

Тарихшы-ғалымдардан құралған экспедиция көне Таразға жетті
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Тарихшы-ғалымдардан құралған экспедиция көне Таразға жетті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Талас-Ұлытау-Сарайшық» атты республикалық тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Кеше бір топ тарихшы-ғалым, экспедиция қатысушылары жолға шығып, Таразға жетті. 

ЕО Украинаға 35 миллиард еуро несие береді
21 қыркүйек 2024 / Мир

ЕО Украинаға 35 миллиард еуро несие береді

ЕО Украинаға 35 миллиард еуро несие береді. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары кезінде: «Біз қазір Украинаға бұл несиені өте жылдам бере алатынымызға сенімдіміз, ол Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін күтпеген кіріс есебінен жабылады», - деді. 

Ресей билігі «деструктивті неолибералдық көзқарасы» бар елдердің тізімін бекітті
21 қыркүйек 2024 / Мир

Ресей билігі «деструктивті неолибералдық көзқарасы» бар елдердің тізімін бекітті

Ресей билігі «деструктивті неолибералдық көзқарасы» бар елдердің тізімін бекітті. Оның қатарында Германия да бар. Ресей үкіметі жариялаған тізімде 47 штат пен аумақ бар. Оның ішінде ЕО елдерінің барлығы және басқа да Еуропа елдері, соның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Швейцария, Украина және Черногория бар. Сондай-ақ тізімге АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Микронезия, Багам аралдары және басқа да бірқатар елдер кірді. Ресей билігі жасаған тізімге жақша ішінде «Қытай» деген жазуы бар Тайвань да кіреді. 

Астанадағы LRT: Тіректерді толық тұрғызды
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Астанадағы LRT: Тіректерді толық тұрғызды

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды. Тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені – 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі – 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы – 200 тонна. 

Төрт тілді меңгерген 11 жасар қазақ баласы жаһан жұртын тәнті етті
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Төрт тілді меңгерген 11 жасар қазақ баласы жаһан жұртын тәнті етті

Төрт тілді тең меңгерген қазақ баласы жаһан жұртын тәнті етті. 11 жасар Бекнұр Жәнібектің әлемге танымал блогер Юджиге берген сұхбаты желіде миллиондаған қаралым жинаған. Қол-аяғы болмаса да, көптен озған жеткіншек қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлейді. 

Қарақұмық, ірімшік пен көкөніс біршама арзандады
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қарақұмық, ірімшік пен көкөніс біршама арзандады

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік бағасындағы өзгеріс жайлы ақпарат таратты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде де, жылдық мәнде де өзгеріссіз қалды. 

Шымкент зообағында сирек кездесетін ерекше жануар төлдеді
21 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шымкент зообағында сирек кездесетін ерекше жануар төлдеді

Шымкент зообағында көгілдір қой (Нахур жануары, латынша Pseudois nayaur) төлдеді. Зоологтардың айтуынша, сирек кездесетін бұл тіршілік иесі халықаралық Қызыл кітапқа енген. Төлдің салмағы бір жарым келіден асып туды. Алғашында тек енесінің сүтін қорек қылса, қазір қосымша жемшөп беріле бастаған.