Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды
Фото: almaty.atameken.kz
almaty.atameken.kz
Қазақстан жаңалықтары21 қыркүйек 2024, 15:09

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн. Жалпы, жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр және агенттіктің ерекше бақылауында», - делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды.

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Абылай Мырзахметов ісі сотқа жолданды.

Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау болды.

Прокурор сотты жабық режимде өткізуді ұсынды.

Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің ісі жабық қаралады.

Абылай Мырзахметов 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Антикор Абылай Мырзахметов 7 млрд теңге

Тақырыпқа жаңалықтар