Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 408,1 млрд теңге жұмсалған. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған. 

Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды

Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды.  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12-13 жастағы қыздарға да қосымша иммундау жүргізіледі. Аталған екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімінен кейін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация қыз бала тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін. 

АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды

Алматыда Қазақстандағы АЭС-қа қатысты референдум өткізу туралы заңнаманы бұзған төрт адам жауапқа тартылды. Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтаған. 

Ота: Түркияда сиам егіздері сәтті ажыратылды
19 қыркүйек 2024 / Мир

Ота: Түркияда сиам егіздері сәтті ажыратылды

Операцияны басқарған британиялық хирургтар операцияға дайындық кезінде алғаш рет заманауи 3D технологияларды пайдаланды Британиялық жетекші хирург 14 сағатқа созылған күрделі операциядан кейін бастары қосылып кеткен бір жасар пәкістандық егіздер Минал мен Мирханды сәтті ажыратты. Great Ormond Street ауруханасының профессоры Нур ул-Овасе Джилани Түркияда қыздарға күрделі ота жасау үшін алғаш 3D заманауи технологиясын пайдаланды. 

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланың денесі табылды
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалған 3 жасар баланың денесі табылды

7 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен 3 жастағы Алдиярды іздеушілер арада 11 күн өткенде Мұқаншы өзенінен тапқан. 18 қыркүйекте іздестіру шараларының барысында, Көксу ауылы Мұқаншы өзенінің түбінде, із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ. 

Илон Масктың құрылғысы соқырлардың көруіне мүмкіндік береді
19 қыркүйек 2024 / Мир

Илон Масктың құрылғысы соқырлардың көруіне мүмкіндік береді

Илон Масктың Neuralink компаниясы мидың көру қыртысы зақымданбаған соқырлардың көру қабілетін қалпына келтіретін Blindsight құрылғысына рұқсат алды. Tesla бас директоры Илон Маск өзінің ми чипі Neuralink стартапы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан «тіпті екі көзі мен көру жүйкесін жоғалтқандардың да көруіне мүмкіндік беретін» тәжірибелік имплантацияланатын құрылғыға рұқсат алғанын хабарлады. 

Үш миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Үш миллионнан астам бала қосымша білім берумен қамтылады

2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Қазір елімізде 1713 мектептен тыс ұйым әр бағыттар бойынша 380 үйірме түрін ұсынады: ғылыми-техникалық, музыкалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік педагогикалық және тағы басқалары. Республикалық және өңірлік деңгейлерде 15 жобалық кеңсе, дебаттар мен өзін-өзі басқару штабтары, оқушылар мен студенттердің 20 дебаттық лигасы құрылып, балалардың сыни ойлау және көшбасшылық қабілеттерін дамытуда. 

Мәскеуде Wildberries кеңсесінің жанында атыс болып, екі адам қаза тапты
19 қыркүйек 2024 / Мир

Мәскеуде Wildberries кеңсесінің жанында атыс болып, екі адам қаза тапты

Мәскеу орталығындағы Wildberries кеңсесінің жанында атыс болып, бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне құқық қорғау органының өкілдері хабарлаған. «Қазіргі таңда бірнеше адам ұсталып, олардың барлығы Арбат аудандық ішкі істер милициясы бөліміне жеткізілді»,-деді агенттікке хабар таратқан адам. Wildberries-тің негізін қалаушы Татьяна Бкальчуктың сөзінше, бұл Владислав Бакальчук, Сергей Ануфриев және Владимир Бакиннің жетекшілігімен ұйымдастырылған сәтсіз рейдерлік басып алу әрекеті. Татьяна Бакальчук өзінің үндеуінде құқық қорғау органы қызметкерлерін жағдайды бақылауға алуды сұраған. 

Өзбекстан мен АҚШ маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ
19 қыркүйек 2024 / Евразия

Өзбекстан мен АҚШ маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

Өзбекстан мен АҚШ пайдалы қазба байлықтар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды, Тиісті құжатқа ӨР Тау-кен өнеркәсібі және геология министрінің бірінші орынбасары Омонулло Насритдинходжаев пен АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джонатан Хеник қой қойды.