АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды
Фото: Ulysmedia
Ulysmedia
Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2024, 14:00

АЭС бойынша референдум: Заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды

Алматыда Қазақстандағы АЭС-қа қатысты референдум өткізу туралы заңнаманы бұзған төрт адам жауапқа тартылды. Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады», делінген хабарламада, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн еске салды.

АЭС референдум жауапқа тарту заңнама

Тақырыпқа жаңалықтар