Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Астанада қазақ-неміс мектебі ашылады
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Астанада қазақ-неміс мектебі ашылады

Астанада қазақ-неміс мектебі ашылады. Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл бұрын екіжақты ынтымақтастықты қамтитын оқу орнын құруды ұсынған болатын. Астанада қазақ-неміс мектебінің құрылысының басталуын білдіретін капсула салудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара Германия канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға сапарына орайластырылып отыр және Қазақстан Президентінің 2023 жылы Германияға сапары барысында қабылданған шешімдердің бір бөлігі болып табылады. 

Комиссия түркі әліпбиінің неге осы нұсқасы таңдалды
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Комиссия түркі әліпбиінің неге осы нұсқасы таңдалды

Ортақ түркі әліпбиі жөніндегі декларация жарияланды. 11 қыркүйекте Әзірбайжан астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өткен еді. Онда 34 әріптен тұратын түркі әлеміне ортақ әліпбидің үлгісі таныстырылды. 

АЭС: Референдумда зағип жандар Брайль трафаретімен қамтылады
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

АЭС: Референдумда зағип жандар Брайль трафаретімен қамтылады

АЭС құрылысына қатысты референдумда елдегі барлық зағип жандар Брайль қарпімен жазылған трафаретпен қамтылады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина алдағы саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беруде қолайлы жағдай жасау басым бағыт болып саналатынын жеткізді. Қазір арнайы жазу жүйесі арқылы көру қабілеті төмен 2359 сайлаушы бар. Бұл көзі көрмейтін мүгедектігі бар жандардың 8,3 пайызын құрайды

Қазақстанда бұзылмайтын жұмыртқа шығарылады
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда бұзылмайтын жұмыртқа шығарылады

Қазақстанда алғаш рет қанша күн тұрса да бұзылмайтын жұмыртқа шығарылады. Құны 12,5 млрд теңге болатын ірі жобаны Ақмола облысында «CAPITAL projects LTD» ЖШС іске асырып жатыр. Кәсіпорын «Шаңырақ» компаниялар тобына кіреді, онда тауық еті мен жұмыртқа өндірісінің толық циклі іске асырылады. Зауыт жаңа шығарылған тауық жұмыртқаларымен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзағырақ, аспаздық және сапалық сипаттамалары жақсырақ қауіпсіз пастерленген сұйық және құрғақ жұмыртқа өндіруге маманданады. Кәсіпорынның қуаты- тәулігіне 1 млн жұмыртқа. 

Түркістан облысы: Әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің ақыл-есі тексеріліп жатыр
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Түркістан облысы: Әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің ақыл-есі тексеріліп жатыр

Түркістан облысында анасы мен қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. Ал қылмыстың қалай болғанын ашық айтқан марқұмның қыздары Бас прокуратурадан көмек сұрайды. Өйткені құзырлы органдар «қысым жасай бастады» дейді жәбірленуші тарап. 

Атырау: Терезеден құлаған үш жасар сәбидің жағдайы ауыр
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырау: Терезеден құлаған үш жасар сәбидің жағдайы ауыр

Атырауда 3 жасар сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен сәбиді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бұл туралы әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде видео тарады. Оқиға 16 қыркүйекте Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл деректі растады.«Жедел жәрдем бригадасының көлігімен көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған 3 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», -деп таратты басқарманың баспасөз қызметі. 

«Соғыстағы орыстар» деректі фильмі ақыры Торонтода көрсетілетін болды
17 қыркүйек 2024 / Мир

«Соғыстағы орыстар» деректі фильмі ақыры Торонтода көрсетілетін болды

«Соғыстағы орыстар» деректі фильмі ақыры Торонто кинофестивалінде көрсетілетін болды. TIFF халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушылары сейсенбі, 17 қыркүйекте ресейлік-канадалық режиссер Анастасия Трофимованың Украинадағы соғыстағы ресейлік жауынгерлер туралы фильмін көрсетеді. 

Нигерияда су тасқыны жүздеген тұтқынның қашуына себін тигізді
17 қыркүйек 2024 / Мир

Нигерияда су тасқыны жүздеген тұтқынның қашуына себін тигізді

Нигерияда су тасқыны жүздеген тұтқынның қашуына себін тигізді.  Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Майдугури қаласындағы бөгет жарылған. Су тасқыны түрме қабырғаларының бірін құлатып, 281 тұтқын қашып кеткен.

Еуропадағы су тасқыны: бірқатар елде жағдай қиын күйінде қалып отыр
17 қыркүйек 2024 / Мир

Еуропадағы су тасқыны: бірқатар елде жағдай қиын күйінде қалып отыр

Еуропадағы су тасқыны: бірқатар елдерде жағдай қиын күйінде қалып отыр. Су тасқынынан кем дегенде 8 адам қаза тапты, құрбандар саны Румынияда көп. Чехияда тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. Елдің шығысында Крнов қаласы толық су астында қалды, тұрғындары тікұшақтардың көмегімен су басу аймағынан құтқарылуда.