Нигерияда су тасқыны жүздеген тұтқынның қашуына себін тигізді
Нигерияда су тасқыны жүздеген тұтқынның қашуына себін тигізді. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Майдугури қаласындағы бөгет жарылған. Су тасқыны түрме қабырғаларының бірін құлатып, 281 тұтқын қашып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның ішінде «Боко Харам» исламшыл тобының мүшелері де бар, деп хабарлады түзету мекемесінің басшылығы.
Қашқындардың кейбірі ұсталды.
Қалған қашқындардың аты-жөні жария етілді, оларды іздеу жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: