Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді
13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда «Астана» алаңы жабылуына байланысты 10 автобус бағыты өзгерді

Алматыда Қала күніне орай өтетін ауқымды мерекелік іс-шараларға байланысты 12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесі Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін жабылады. 

Франция президентінің әйелі танымал сериалға түседі
13 қыркүйек 2024 / Мир

Франция президентінің әйелі танымал сериалға түседі

Франция президентінің әйелі Брижит Макрон «Эмили Парижде» сериалының төртінші маусымына түспекші. Францияның бірінші ханымы Б.Макрон онда жаңа сән үлгілеріндегі өз киімдерін киетін болады. Бағдарлама авторы Даррен Стар жергілікті БАҚ-қа Б.Макронның «жоғары талант иесі» екенін айтты. 

Шотландиялық жас жұбайлар Көшпенділер ойынына бал айын өткізуге келді
13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шотландиялық жас жұбайлар Көшпенділер ойынына бал айын өткізуге келді

Шотландиядан келген ерлі-зайыпты Силке Маес пен Киеран Шэннон некесін тойлаудың ерекше әдісін таңдады. Саяхатшы жас жұбайлар бал айын Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өткізуді ұйғарған. Ерлі-зайыптылар Қазақстанға 10 күн бұрын келген, бұл олардың Орталық Азияға алғашқы сапары. 

Тейлор Свифт MTV сыйлығын алды және америкалықтарды президент сайлауына шақырды
13 қыркүйек 2024 / Мир

Тейлор Свифт MTV сыйлығын алды және америкалықтарды президент сайлауына шақырды

Тейлор Свифт MTV сыйлығын алды және америкалықтарды президенттікке дауыс беруге шақырды. Поп-әнші MTV Video Music Awards марапаттарында бірнеше марапатқа ие болды. Негізгілері - «Жыл бейнебаяны» және «Жыл әртісі». Сахнадан жанкүйерлеріне сөйлеген сөзінде Свифт оларды АҚШ президенттік сайлауына тіркелуге және дауыс беруге шақырды. 

Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді
13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар санын 86-ға жеткізді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарсы күнінде қазақстандық спортшылар медальдар санын 86-ға жеткізді. Отандастарымыз ел қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлде сыйлады. Жалпы есепте Қазақстан қоржынында 32 алтын, 24 күміс, 27 қола жүлде бар. Осылайша, жалпы есепте спортшыларымыз бірінші орында келе жатыр. 

Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді
13 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді

Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді. Бұл құрылыс – еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы бірегей жоба. Түркістан облысы, Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы – 840 метр. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіне пайдалануға берілді,. 

Қарағанды ферроқорыту зауытына 700 мың теңге айыппұл салынды
12 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қарағанды ферроқорыту зауытына 700 мың теңге айыппұл салынды

Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты «YDD CORPORATION» ЖШС-не қатысты іс қаралды. 4 адамның өмірін қиған оқиға кезінде зауыт өкілдері оқиға орнына ТЖД қызметкерлерін кіргізбегені анықталды. Тергеу анықтағандай, 20 шілдеде болған пеш дарылы кезінде оқиға орнына келген Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне «YDD CORPORATION» ЖШС-нің сенімді өкілдері оқиға орнында болған жағдай туралы ақпарат беруден бас тартып, ТЖД қызметкерлерін 40 минут зауыт аумағына кіргізбеген. 

Жеңімпаз қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады
12 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жеңімпаз қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын түсіндірді. 

ЕО соты "Транснефть" басшысының қызына салынған санкцияны жойды
12 қыркүйек 2024 / Мир

ЕО соты "Транснефть" басшысының қызына салынған санкцияны жойды

Еуроодақ соты "Транснефть" басшысының қызына салынған санкцияны жойды. Ресей билігі бақылауындағы «Транснефть» компаниясының басшысы Николай Токаревтің қызы Майя Токарева отбасының жақын мүшесі ретінде санкцияға ұшыраған. ЕО 2022 жылы Токаревқа Ресейдің Украинаға басып кіруіне және Қырымды аннексиялауға демеушілік жасауға қатысы бар деп есептеп, оған қарсы жазалар енгізген. Кәсіпкердің жақын туыстары мен таныстары Ресей Федерациясының мемлекеттік компанияларымен жасалған келісім-шарттар арқылы байыған, деп атап өтті ЕО бақылаушылары.