Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді
Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді. Бұл құрылыс – еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы бірегей жоба. Түркістан облысы, Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннельдің ұзындығы – 840 метр. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіне пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Салтанатты іс-шараға ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Қанатбек Мәдібек, сала мамандары мен екі облыстың ақсақалдары қатысты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: