Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Мемлекет есебінен қаралуға тиіс бірқатар ауру түрі енді МӘМС негізінде емделеді
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Мемлекет есебінен қаралуға тиіс бірқатар ауру түрі енді МӘМС негізінде емделеді

Мемлекет есебінен тегін қаралуға тиіс бірқатар ауру түрі енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде емделеді. Науқастарға барлығы айдан-анық түсінікті болу үшін, қазірден екі салаға бөлінген дерт түрінің аражігін ажыратуымыз керек деп санайды денсаулық сақтау министрі. 

Ресейде туу көрсеткіші соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен
11 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейде туу көрсеткіші соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен

Ресейде туу көрсеткіші соңғы 25 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейде 599 600 бала дүниеге келді - бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 мыңға аз, деп хабарлайды "Росстат" жариялаған мәліметтер. Бұл да 1999 жылдан бергі туу көрсеткішінің рекордтық төмендеуі. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ресей Федерациясында халық санының табиғи азаюы да 18%-ға жылдамдады. Елде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өлім 49 мыңға көп тіркелді. 

Субұрқаққа бөлінген қаржы талан-таражға түскен
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Субұрқаққа бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Субұрқаққа сіңген миллиард. Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты істің мән-жайын айтты. Болат Мажағұлов бюджеттің миллиард теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталыпты. Қылмыстық істе Есіл өзенінде «Күн» субұрқағын тұрғызған мердігер компания өкілдері де бар. 

Оқушылардың жаппай улануы: мектеп асханасының тендерін 9 жыл бойы бір кәсіпкер ұтып келген
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Оқушылардың жаппай улануы: мектеп асханасының тендерін 9 жыл бойы бір кәсіпкер ұтып келген

Маңғыстау облысында оқушылар астан уланған мектеп асханасының ас мәзіріне қатысты ата-аналар тарапынан бұған дейін де шағым болған. Бұл туралы балалардың ата-анасы айтып берді. Ата-аналардың айтуынша, балалардың басым бөлігі асханада жеген тамақтың жағымсыз дәміне шағымданған. 

2025 жылы базалық зейнетақы өсіріледі
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

2025 жылы базалық зейнетақы өсіріледі

Келер жылы базалық зейнетақы өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі индекстеуге сәйкес, зейнетақы шамамен 42 мыңнан 44 мыңға өседі деген болжамымен бөлісті.тырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі. 

«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді. Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, Корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты. 

Тамара Дүйсенова: Уақытты кері қайтаруды Үкімет деңгейінде қарастыру әлі ерте
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Тамара Дүйсенова: Уақытты кері қайтаруды Үкімет деңгейінде қарастыру әлі ерте

Депуттар ұсынысы қараусыз қалмайды. Өткен аптада ғана «бұрынғы уақытты қайтару керек» деген бір топ мәжілісменнің мәлімдемесін, енді Үкімет аталмыш сұрақты халық қалаулыларымен бірге қарастырмақ. Дегенмен, әзір емес. Өйткені уақытты кері қайтару туралы бастаманы үкімет деңгейінде қарастыру әлі ерте деп санайды премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова. Себебі: халық денсаулығына сағат тілінің кері шегінгені қалай әсер еткенін бағдарлап, түпкілікті шешім шығаратындай уақыт өтпеген. 

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты
11 қыркүйек 2024 / Мир

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты

Украинада Ресейдің атқылауынан кем дегенде екі адам қаза тапты. 8 қыркүйектің кешінен 9 қыркүйектің таңына дейін Украина, аймақтық биліктің хабарлауынша, Ресей әскерлерінің жаппай шабуылына ұшырады. Осылайша Харьков облысының Дергачи қаласына зымыран шабуылынан 76 жастағы әйел қаза тауып, 13 адам жарақат алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің басшысы Олег Синегубов. 

Алматы оныншы рет «Kitap Fest» фестивалі өтеді
11 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматы оныншы рет «Kitap Fest» фестивалі өтеді

Алматыда мерейтойлық «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді. Іс-шараны 10-рет Алматы қаласы Мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырмақ. Фестиваль 14-15 қыркүйек күндері Алматының Арбат алаңында 10:00-18:00 аралығында өтеді. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба аясында фестивальге 70-тен астам баспа мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылған.