Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ресейде байқаушылар сайлауда заң бұзушылықтарды тіркеді
10 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейде байқаушылар сайлауда заң бұзушылықтарды тіркеді

Ресей Федерациясында байқаушылар сайлау кезінде жаппай заң бұзушылықтарды тіркеді. Бірде-бір нақты оппозициялық күш сайлауға қатысуға жіберілмеді. Дауыс берудің соңғы күні, 8 қыркүйекте «Голос» қозғалысы Ресей Федерациясындағы муниципалды сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар туралы 104 хабарлама алды. Олар сайлаушыларды тасымалдау, бюллетеньдерді толтыру, тіпті сол сайлаушыларды УСК тізімдеріне «өзгерткені» туралы айтты. 

Америкалық жазушы әрі ковбой Қазақстан жылқылары туралы кітап жазбақ
10 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Америкалық жазушы әрі ковбой Қазақстан жылқылары туралы кітап жазбақ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатқан америкалық жазушы, журналист, көкпардан АҚШ құрамасының мүшесі Уилл Грант қазақстандық жылқылар туралы кітап жазуды жоспарлап отыр. 

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта орала ма?
10 қыркүйек 2024 / Мир

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта орала ма?

Тұманды Альбион Еуроодақ елдерімен қайтадан тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Брекситтен кейін қош айтысқан Лондон көршілерімен экономика, қорғаныс және қауіпсіздік бағыттары бойынша біріге әрекет етпек. Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Кир Стармер Германия және Францияға іссапармен барып, әріптестерімен кездесті. Тараптар қандай мәмілеге келді және аралары суып қалған мемлекеттер байланыстарын қайта нығайта ала ма? Кир Стармер премьер-министр қызметіндегі алғашқы ресми сапарын Берлин мен Парижден бастады. Лейбористер сайлауда жеңіске жеткен кезде-ақ мұны алдын ала болжау мүмкін еді. Бірақ кездесулердің мазмұны мен нақты мақсаты белгісіз болды. Ал енді Стармердің Германия және Франция мемлекеттерінің басшыларымен не үшін кездескені, басқосулардың мақсаты мен мазмұны айқындалды. 

Қазгидромет: Кей өңірде жаңбырдың арты қарға айналады
10 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазгидромет: Кей өңірде жаңбырдың арты қарға айналады

Синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күнге – 2024 жылғы 10-12 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамыy бөлісті. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде көптен күткен жауын-шашынның тоқтауын тудырады. 

Украина Ресей аумағына соққы беру үшін нидерланд қаруын қолдана алады
10 қыркүйек 2024 / Мир

Украина Ресей аумағына соққы беру үшін нидерланд қаруын қолдана алады

Украина Ресей аумағына соққы беру үшін голланд қаруын қолдана алады, деді Нидерланды қорғаныс министрлігінің басшысы.  Нидерланды Украинаға әскери көмек аясында жеткізілген қаруды Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру үшін қолдануды мақұлдады. Нидерланды Қорғаныс министрлігінің басшысы Рубен Брекелманс FAZ агенттігіне берген сұхбатында: «Украинаға халықаралық құқыққа сәйкес, Ресей аумағында біздің қаруымызды қорғаныс мақсатында пайдалануға рұқсат етілген», - деді. 

Көшпенділер ойындары: Асық атудан Қазақстан Монғолия құрамасын 3:0 есебімен жеңді
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындары: Асық атудан Қазақстан Монғолия құрамасын 3:0 есебімен жеңді

Отандық спортшылар 5 кездесудің алғашқысын жеңіспен бастады. Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия және Мажарстанға қарсы кездесулер өткізеді. 

Көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылда үш күнде 70 мыңнан астам болды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындары: Астанадағы этноауылда үш күнде 70 мыңнан астам болды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл жұмыс істеп тұр. Этноауылдар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан. 3 күн ішінде этноауылдарға 70 мыңнан астам елорданың тұрғыны мен қонағы кірген. 

Аударыспақтан 3 қазақстандық спортшы алтын медаль алды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Аударыспақтан 3 қазақстандық спортшы алтын медаль алды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ақтық сынға жолдама алған үш қазақстандық спортшы да өз салмақтарында алтын жүлде жеңіп алды. Олар – Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек және Дарын Өткелбай. 

Қазақстандық екі спортшы көшпенділер ойынында қола жүлде жеңіп алды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандық екі спортшы көшпенділер ойынында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан мас-рестлингтен ұлттық құрамасы спортшылары Бірімжан Асылмұрат және Тахмина Қожамбердиева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін қанжығалады. Алау спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде, Бірімжан Асылмұрат (65 келі) монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен қола жүлдеге таласып, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.