Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы алтынды Франция алды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы алтынды Франция алды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилі бойынша жүлдеге таласты. Жамбы атуға 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысты. Олар 11 топқа бөлініп, үздіктер іріктеліп шықты. Нәтижесінде Франция құрамасының спортшысы Рафаэль Малет дүбірлі доданың алғашқы алтын медалін иеленді. Моңғолия өкілі Алтанкуяг Нергию күміс жүлдені олжалады. Францияның тағы бір өкілі Гайтан Блот «қолаға» қол жеткізді. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресейден 150 спортшы келді
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресейден 150 спортшы келді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға Ресейден 150 спортшы келді. Олардың барлық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысады. Ресейдің ұлтық және олимпиада түрлеріне жатпайтын спорт комитеті бірыңғай команда жасақтап, олар бір ту астында өнер көрсетеді.

Ақтаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу басталды
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ақтаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі). 

Париж Паралимпиада ойындары аяқталды
9 қыркүйек 2024 / Sport

Париж Паралимпиада ойындары аяқталды

Парижде өткізілген Паралимпиада ойындары аяқталды. Жарық шоумен жабылу салтанаты Париждегі «Стад де Франс» стадионында әлемге әйгілі диджейлердің қатысуымен өтті. Украиналық паралимпиадашылар Парижде 22 алтын, 28 күміс және 32 қола медаль жеңіп алып, Паралимпиада ойындарында медальдар тізімінде 7-ші орынға көтерілді. Марапаттардың жалпы саны бойынша Украина бұрынғы 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында украиндықтар тағы екі алтын алған кездегідей үздік бестікке енді. 

Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды – Қасым-Жомарт Тоқаев
9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми түрде ашты. «Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттердің басшыларына зор ризашылығымды білдіремін. Мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғыс айтамын. Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы Дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми аша отырып.