Ақтаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: Бас әскери прокуратура
Bas Äskerï prokwratwrası
Қазақстан жаңалықтары9 қыркүйек 2024, 9:00

Ақтаудағы сарбаздың өлімі: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, соңғысы қайтыс болды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, деп хабарлады Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталуда.

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалды.

Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

«Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды»,-делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.

Ақтау сарбаздың өлімі Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар